Тағы да археологиялық олжа. Қарағанды облысында Алтын Орда дәуіріне жататын алтын тостаған табылды. Құнды жәдігерді бүгін өлкетану музейінде тілшілерге көрсетті. Көне дәуірлік экспонат Ұлытау ауданындағы Болған ана кесенесінде қазба жұмыстары кезінде табылған. Тостағанның салмағы 400 грамм. Шамамен 700 -800 жыл бұрын жасалған деген болжам бар. Жер астында жатқан жәдігердің оюлары, түбіндегі қызғалдақ нақыштары жақсы сақталыпты. Қазба жұмыстары кезінде қабірден алтын сырға мен шаш қыстырғыш та табылыпты.
Айбар ҚАСЕНАЛИН, «ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ ҒЗИ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ, АРХЕОЛОГ:
Орталық бөлігінде қызғалдақты көреміз,оның қауыздары кертікке толы.Тостаған қабірден табылғандықтан жерлеу жораларына жатуы мүмкін.Бәлки, біреудің сусын ішкен жеке тостағаны шығар.
«Алтын тостаған Қазақстан аумағында Алтын Орда дәуіріндегі әйгілі хандардың ордасы болғанының дәлелі»-дейді мамандар. Құнды жәдігерлер ислам дініне дейінгі кезеңде өмір сүрген жоғары мәртебелі әйелге тиесілі болуы мүмкін. Өйткені, қабірден былғары етік, жібек мата және қаңқа табылған. Нақты уақытын анықтау үшін фрагменттері АҚШ пен Жапония зертханаларына жіберілді.
Түлкібай ТӨЛЕУОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ САТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
Бастапқыда бізге белгілі болған Болған ана. Ол өте беделді адам болған.Кейбір аңыздарда оның Жошы ханның қызы болғаны айталды. Кейбіреугіде келіні болған деседі.Біз келбетін қалыпқа келтіруді жоспарлап отырмыз.Ондай зертханалар бар.Біз келбетін қалыпқа келтіруге тырысамыз.
З. Санай