Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы зауыттағы жарылыстан жарақат алған қос науқас санавиация арқылы Таразға жеткізілді

  • AstanaTV
  • 20 желтоқсан 2018
  • 4464

Жамбыл облысында төтенше жағдай. Қаладан жарты сағаттық жердегі «Амангелді» газ өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам от ортасында қалған. Денелерінің басым бөлігін күйік шалған екі жұмысшы санавиация арқылы Таразға жеткізілді. Оқиға орынында Данияр Әлімқұл болып қайтты. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ: 

Өндіріс ошағындағы өрт газдың жарылуынан шыққан. Таңсәріде болған төтенше жағдай елдің есін шығарды. Күлі көкке ұша жаздаған кәсіпорынның қос қызметкері алау оттың ортасында қалған.

Салдарынан денелерінің 35-40 пайызын күйік шалып, жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілген. Олардың жағдайын ақ халаттылар ауыр деп бағалап отыр. Сондықтан, науқастарды санавиация арқылы Таразға ауыстыруға тура келді.   

Нұрлан КЕЗЕМБАЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, СТАЦИОНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ: 

Артур Әділбеков 31 жаста, Ернар Сейсенбеков 23 жаста. Екеуі де ауыр хәлде жеткізілді. Алған жарақаттары беттері, қолдары, алақандары, аяқтары күйген. Артурда термический ожог 3-ші дәрежелі. Хәлі қазір ауыр жағдайда. Бірақ, бір қалыпты. 35 % күйік шалған. Сейсенбеков термический ожог, 40 % күйік шалған.

Таңғы 8 жарым шамасында тұтанған жалынды ауыздықтауға жарты сағат кетті. Оған 10-нан аса өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылған. Оқыс жағдай мұнай қайнату пешін қосу кезінде болыпты. Яғни, пештің түтін шығатын тұсына газдың келуіне байланысты жарылыс болған деген болжам бар. 

Мақсат ӘКІМБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:  

Дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Жиналған материалдарды әрі қарай тергеу үшін ішкі істер органының аныұқтау бөліміне жолдадық. Ал, өрттің негізгі себебі технологиялық процесті бұзу салдарынан болып отыр, режимді бұзу салдарынан. Жоғары қысымда газ келетін құбыр ғана жарылды. Содан мұнай өнімдері төгілу салдарырнан жануға ұласып, тез сөндірілді.

Зауытта тергеу-тексері жұмыстары басталды. Әзірге, басшылық қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ. Оқиға орнына түсіру тобын күзет қызметі кіргізбей қойды. Ал, өндіріс ошағына келтірілген шығын көлемі де айтылмайды. Жарақат алған қызметкерлерге өтемақы беріле ме, жоқ па белгісіз болып тұр. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ, ТІЛШІ: 

«Амангелді» газ өңдеу зауыты  8 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір бензиннің- бір, мазуттың - екі, дизель отынының үш түрін және авиациялық керосин өндіреді. Негізгі тұтынушылары -Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктерінің техникалық бөлімшелері және Жамбыл ГРЭС-і.

Д. Әлімқұл