Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия бойынша Астана келіссөзіне БҰҰ өкілдері қатысады - Стаффан де Мистура

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2017
  • 2692

Сириядағы атысты тоқтату туралы мәмілеге Астана келіссөзінде қол жеткізу қажет. БҰҰ Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды ТАСС. Арнайы өкілдің айтуынша, бұл жолғы Астана келіссөзіне БҰҰ өкілдері де қатысады. Ал СІМ-гі Сирия үкіметі мен қарулы оппозицияның делегациясы келеді деп мәлімдеді. Сондай-ақ басқосуға Ресей, Түркия, Иран, АҚШ пен Иордания елдерінің өкілдері қатысатыны белгілі болды.

Кездесу наурыздың 14-15 аралығында өтеді деп жоспарланған. Стаффан де Мистура Сирия мәселесіне қатысты ауқымды келіссөздердің жалғасы 23 наурызда Женевада өтетінін айтты. Қатысушылар бір мәмілеге келу үшін бетпе-бет жүздеспейді. Яғни бөлек кабинеттерге жайғасып, делдалдар көмегімен жұмыс істейді. Дипломат мұндай форматтың жемісті боларына сенімді. Де Мистура журналистерге кездесудің негізгі 4 сұрақ төңірегіне топтасатынын мәлімдеді. Олар - басқару, конституция, сайлау және лаңкестікпен күрес. Ал бұған дейін тараптар Астанада бас қосып, оқ атуды тоқтатуға қатысты сұрақтарды барынша шешіп алуға ұмтылғаны абзал.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА