Сириядағы
атысты тоқтату туралы мәмілеге Астана келіссөзінде қол жеткізу қажет. БҰҰ Сирия
бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды
ТАСС. Арнайы өкілдің айтуынша, бұл жолғы
Астана келіссөзіне БҰҰ өкілдері де қатысады. Ал СІМ-гі Сирия үкіметі мен қарулы
оппозицияның делегациясы келеді деп мәлімдеді. Сондай-ақ басқосуға Ресей, Түркия,
Иран, АҚШ пен Иордания елдерінің өкілдері қатысатыны белгілі болды.
Кездесу
наурыздың 14-15 аралығында өтеді деп жоспарланған. Стаффан де Мистура Сирия
мәселесіне қатысты ауқымды келіссөздердің жалғасы 23 наурызда Женевада өтетінін
айтты. Қатысушылар бір мәмілеге келу үшін бетпе-бет жүздеспейді. Яғни бөлек
кабинеттерге жайғасып, делдалдар көмегімен жұмыс істейді. Дипломат мұндай
форматтың жемісті боларына сенімді. Де Мистура журналистерге кездесудің негізгі 4 сұрақ төңірегіне топтасатынын
мәлімдеді. Олар - басқару, конституция, сайлау және лаңкестікпен күрес. Ал бұған
дейін тараптар Астанада бас қосып, оқ атуды тоқтатуға қатысты сұрақтарды
барынша шешіп алуға ұмтылғаны абзал.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА