Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық еріктілер тұрмысы төмен отбасының балаларын Аяз ата мен Ақша қар болып құттықтап жүр

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2018
  • 3654

Қызылордалық еріктілер мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасының балаларын Аяз ата мен Ақша қар болып құттықтап жүр. Игі бастаманы қолдаушылар арасында кәсіпкерлер, шенеуніктер, бюджеттік сала өкілдері, студенттер мен тіпті үй шаруасындағы келіншектер бар. Олар облыстағы 350 балаға жаңа жылдық көніл-күй сыйлауды жоспарлап отыр.  

Небәрі жеті жасқа толған Инабат бірнеше ауыр отлар мен ондаған оңалту кезеңін бастан өткерген. Сегіз айында онкология ауруы белгілері табылған балдырған ата-анасының айтуынша, ол төзімді әрі позитивті. Құрдастары секілді сабақ оқып, сурет салып, ән салғанды жақсы көреді. Жүрегінің түбендегі тілегін Инабат әдеттегідей тек Аяз Атаға жолдады.  

Инабат ҚАРТАНБЕК:  

Құрметті, Аяз Ата, менің бір тілегім бар: мен сияқты достарым, бауырларым ауырмасын. Ата-анам аман болсын. Сыныптастарыма қосылып ойнағым келеді, жазылып кеткім келеді. Жер бетіндегі әр сәби ауырмасын!

Орталық алаң, облыстың бас шыршасы. Еріктілер осы жерден тапсырма алып жолға шығады. Аяз Ата мен Ақша қардың тізімдерінде бірнеше балақайдың мекен-жайлары. Әр отбасында оларды тағаттана күтетін балақайлар бар.   

Майя НАРИМОВА, «ЖОМАРТ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Жаңа жылда балалар түгелі үлкендер де бір жақсы сиқырлы әлемде болғандай армандары орындалып, өздерінің көптен күткен сыйлықтарын алғысы келеді. Сондай үлкен зор үміт күтеді ғой осы жаңа жылда. Сондай әсерді балдарға беріп, оларға қуаныш сыйлап, жақсы көніл-күй сыйлап, өзіміздің жүрегіміздің жылуын сыйлап, құттықтап-бар ниетіміз осы.

Константин СИВЦОВ, ЕРІКТІ: 

Балаларға жұмбақ жасырып, олардың дайындаған тақпақтары мен әндерін тыңдаймыз. Балақайларға осы күн, мереке жаңа жылдық көңілді әсер қалдыруына барымызды саламыз.

Алты жасар Бақдаулет бар уақытын осы диванда өткізуге мәжбүр. Өткен жылы туыстарымен жол апатына ұшыраған баланың аяғына зиян келіп, жүрмей қалған. Анасы ұлының керекті ота жасалса, жүріп кетуіне үміт барын жасырмады. Бақдаулет болса баршаға арнаған тілегін жаудыруға асықты.  

Бақдаулет ЕРКОСАЙ:  

Жаңа жылын мол болсын, басқан қадамың оң болсын. Төрлет, төрлет, жаңа жыл! Бізге құтты жыл болсын!

«Жомарт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Майя Наримованың айтуынша, еркітілердің қолында 350 мекенжай бар. Төрайымның бұл бастамасын әлеуметтік желіде көрген жүздеген жерлестері акцияны қабыл алды. Тәттілер мен ойыншықтардан басқа әр команда жаңа жылдық бағдарлама да әзірлеген.   

  Ш. Сақтапова