Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада талапқа сай келмейтін мектеп асханаларымен келісім-шарт үзілмек

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2018
  • 2550

Елорда мектептеріндегі асханаларалардың тең жартысы талапқа сай емес. Арнайы комиссия шешіміне байланысты сол білім ордасында жұмыс істеген кәсіпкерлермен келесі жылға келісім-шарт жасалмайтын болды. Бұл жайында Астана қалалық білім беру басқармасының бастығы Әнуар Жанғозин мәлімдеді. Қала мектептерінде күніне небәрі 355 теңгеге бала тамақтандырып, шаруамды дөңгелетемін деген кәсіпкерлер жетерлік екен. Білім басқарамасының мамандары келер жылдан бастап мектеп асханаларына жаңартылған ас мәзірі енетіндігін айтты.  

Дулат ЖЕКЕБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Негізгі өзгерістері, мысалы, балаға таңертең тамағы ас мәзірі бір болса, одан кейін сағат оннан кейін немесе түстен кейін келетін балалалардың ас мәзірі өзгеше болады. Сондықтан, жеміс-жидектердің калориясына, массасына байланысты өзгерістер бар.

Қазір Астана мектептеріндегі 80 мыңға жуық бастауыш сынып оқушы тегін тамақтанады. Ол үшін бюджеттен алдағы жылға 4 миллиард теңге бөлініпті. Болашақта мектеп асханалары орталықтандырылған тағам комбинаттарға біріктірілетін болады. Бұл бала тамағының сапасын қатаң бақылауға мүмкіндік бермек.  

Г. Тасболатқызы