Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар өңірінде 700-ден астам кәсіпкерге «Даму» қоры қаржылық емес көмек көрсеткен

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2018
  • 2546

Павлодар өңірінің 700-ден астам кәсіпкері «Даму» қорынан қаржылық емес көмек алған. Ұйым жүздеген жобаға жетекшілік етіп, қаржылық қолдау алуға мүмкіндік берді. Ісін енді бастаған кәсіпкерлер үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Ал, тәжрибелі бизнесмендер болса, «Даму» қоры арқылы қолданыстағы жобаларын жетілдіріп, кеңейтуде.   

«Даму» қорының аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 714 жобаны субсидиялаған. Жалпы құны 14,4 млрд теңге. Биыл 2,1 млрд теңгелік 70 жоба мақұлданыпты. Айта кетері, қор шағын және орта бизнеске қаржылай ғана емес, басқа да көмек көрсетуге әзір. 

Рустам ҚАСЫМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ «ДАМУ» ҚОРЫ АҚ АФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қордың кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарымен биыл 702 кәсіпкерге кеңес берілді. 421 жобаға мамандарымыз консультациядан бастап, банктен қаржы алуға дейінгі кезеңді өз бақылауында ұстады. Бұл-жақсы көрсеткіш.

Павлодарлық кәсіпкерлер биыл «Даму» қоры арқылы 96 жоба бойынша кепілдендірілген келісімшарт жасасқан. Бұған 1 млрд 179 млн теңге құйылды. Қор өкілдерінің сөзінше, көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 23 пайызға көп. Тұрғындар арасында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына деген қызығушылық жоғары. Бұл бағыт бойынша 64 жоба мақұлданған. 

Рустам ҚАСЫМОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ «ДАМУ» ҚОРЫ АҚ АФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы әрдайым ашық. Телефон арқылы да, жеке кездесіп те ақпаратты ала алады. Сонымен қоса, мамандарымыз жобаға жетекшілік етіп, тиісті құжаттарды жинаудан бастап, банкке баруыңызға дейінгі аралықты назарында ұстайды. Әр жобаның қаралуын бақылауымызға аламыз.

«Даму» қорына жүгінетін бизнесмендер саны жыл санап артып отыр. Соңғы кезде кәсібін ашқысы келетін әйелдер күрт көбейген.  

Ә. Мұхитқызы