Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ «әлемдік жандарм» рөлінен бас тартады

  • AstanaTV
  • 27 желтоқсан 2018
  • 2954

АҚШ «әлемдік жандарм» рөлінен бас тартады. Ирактағы әскерилер алдында сөз сөйлеген Дональд Трамп осылай деді. Айтуынша, бұдан былай Америка жер бетіндегі барлық қақтығыстарды реттеу жауапкершілігін ысырып қоймақ. Трамп пен оның жұбайы Меланьяның Батыс Ирактағы Анбар провинциясында орын тепкен әскери базаға барғаны алдын ала хабарланбады. Ал, Ирактағы Америка сарбаздарына келсек, әзірге олар аумақта қалады. «ДАИШ бас көтерген жағдайда, әскерилер қажет болуы мүмкін»-дейді.   

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Америка жер бетіндегі әр ұлт үшін күреспеуі тиіс. Көп жағдайда оның пайдасы жоқ. Егер, біздің күресуімізді қаласа, олар да құн төлеуі тиіс. Барлық ауыртпалық бізге түсуі әділетсіз. Құрама штаттар енді «әлемдік жандарм» рөлін атқармайды.

Еске салайық, ол өткенде Америка әскерін Сириядан толық, Ауғанстаннан жартылай шығаруға бұйрық берген.  

М. Дюсекина