Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп асханаларындағы тағамдар тексеріледі

  • AstanaTV
  • 28 желтоқсан 2018
  • 6078

Мектеп асханасы осы уақытқа дейін мүлдем тексерілмеген. Арнайы тексеріс кезінде мектеп мәзіріне енген ас-ауқаттың денсаулыққа зиян екені анықталған. Осы орайда Астанадағы асханалардың тең жартысы ескерту естіген.

Қазір Астанада 80 мыңға жуық бастауыш сынып тегін тамақтанады. Ол үшін алдағы жылға 4 млрдтан астам қаржы бөлінген. Ал, тексеріс барысында орта білім мекемелеріндегі асхананың тең жартысының тағамы талапқа сай болмай шықты. Мұны мәслихат депутаттары, ата-аналар мен «Нұр Отан» партиясы мүшелерінен құралған комиссия анықтаған. 

Әлия САХАРИЕВА, «МЕКТЕП АСХАНАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:  

Мектеп тамақтану жағдайын зерттегенде осы топтардың жоқ екендігі, құрылмағанын, құрылса да жұмыс істемейтінін анықтадық. Тіпті Астана қаласынының өзінде де аталған топ ағымдағы жылдың қазан айында ғана құрылды. Қазіргі уақытта білім беру мекемелерімен біріккен жұмыстың нәтижесінде осы топтар барлық аумақтарда құрылды.

Партияның «Мектеп асханасы» жобасы аясында шұжықтар, қуырылған ас пен фаст-фуд мектептегі ас мәзірінен алынып тасталды. Ал, Астана қаласының білім басқармасы арзан тағам тасымалдайтын кәсіпкерлермен келер жылы келісім-шарт жасамаймыз деп отыр. Қазір Астанада тендерге таласқан жиырмадан астам кәсіпкер бар. Қызмет көрсетуші талапқа сай келмесе, арнайы комиссия келісім-шартты бұзып, басқа кәсіпкерді таңдай алады. 

Лаура БАСШАЕВА, №85 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Құрамында 19 ата-ана. Ол кісілердің өздері апта сайын келіп тексеріп отырады. Тағамның қандай құнарлылығымен жасалғаны. Қандай тағамдармен жасалғандығы, олардың салмағын барлығын тексеріп отырады. Сондай тексеріс кезінде кемшіліктер болған.

Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балалардың 21 пайызы артық салмақтан жапа шегеді екен. Мұның бәрі оқу орындағы сапасыз тамақтың кесірі. Балаларының денаулықтарына алаңдаған ата-аналар, бұл бастаманың қолға алынып жатқанына қуанышты. 

Гүлмира НҰРКЕНОВА, АТА-АНАЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН КОМИССИЯ МҮШЕСІ: 

Балаларымызға тамақтардың ісі сіңіп қалатын. Бұрынғы тамақ тасымалдайтын кәсіпорынның тағамдарын жеу мүмкін емес болатын. Тағамның түрінің өзі бұзылып кеткен. Сондықтан, жұма сайын келіп балаларымыз немен тамақтанатынын тексеруге мәжбүр болдық. Бұл кәсіподақты да қадағалаймыз, тамақтары сапасыз болса шағымданамыз.

Арман НҰРБЕКОВ, «БОЛАШАҚ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ:   

СЭС қызметкерлері әр уақытта келіп асханамызға кіреді. Көріп отырсыздар, ашық барлығы. Балалардың көзінше дайындаймыз. Барлық жақтан тексеру қадағалау өте көп. Оған біздің ешқандай қарсылығымыз жоқ.

Қазір бюджет бір бала азығына 355 теңге бөледі. Кәсіпкерлер бұл сомма бұрынғымен салыстырғанда жоғары дейді. Айта кетейік, қазір Астана, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 1-4 сынып оқушылар тегін тамақтанады. 

У. Қабылтайұлы