Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілер өз кінәларын мойындамайды. Бүгін Алматыдағы ауданараларық қылмыстық істер жөніндегі сотта даулы іс жалғасын тапты. Прокурордың айтуынша, күдікті Арман Құдайбергенов Денистің айнасын ұрлап жатқанда, Жанар ту сыртынан қарауылдап тұрған. Спортшымен арада төбелес осы мезетте басталған. Екінші күдікті Нұралы Денистің санына екі мәрте пышақ салып алған. Сот отырысында айыпталушылар өз кіналарын тек жартылай мойындады. Олар қасақана кісі өлтіруді жоспарлаған жоқпыз дейді.
Мен ұрлықты мойындаймын, бірақ қарақшылық пен кісі өлімін мойындамаймын. Өйткені менің ойымда ондай нәрсе болған жоқ. Мойындамаймын. Мен қылмысқа бара жатқандығын білмегендіктен ҚР ҚК 188- бабын 30-шы бапқа ауаыстыруын сұраймын.
Ал, спортшының адвокаты Астаналық тергеушілерді жазалауды сұрайды. Астанада Арман Құдайбергеновтің кезекті ұрлығын тергеп, босатып жіберген Фарида Разбекова сотқа онлайн қатысып біраз сұраққа жауап берді.
Шыныңызды айтыңызшы, сіз неге оны бостандыққа жібердіңіз?
-Оны қамап отыратын себеп болмады. Қылмыс орташа деңгейлі, айғақ заттар алынды, ұрланған айна өтелді.
Нұрлан ӨСТЕМІРОВ, Д. ТЕННІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
136, 138 бап. Демек оны күдікті деп таныды. Ал, алдын-алу мақсатында не ешқайда шықпау қағазын жаздыру қажет еді, не бақылауға алу керек болатын. Бірақ, тергеушілер салғырттығынан ол Алматыға келіп отыр. Салдары үлкен қайғыға тіреді. Сондықтан, мен бұл жерде астаналық полицей және оның басшысы да жауапқа тартылуы қажет деп есептеймін.
Сот отырысы ертең де жалғасады.
О. Нұржақып