Русский Сайттың толық нұсқасы

Көпқабатты үйлердің 90%-ында газ қондырғылары талапқа сай емес

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2019
  • 3532

Астанадағы көпқабатты үйлердің 90%-ында газ қондырғылары талапқа сай емес. Бұл туралы тәуелсіз газ қауымдастығының сарапшылары мәлімдеді. Комиссия орталықтандырылған газбен жабдықталған барлық тұрғын үй кешендеріне тексеріс жүргізбек. Жауапты мамандар күні кеше ғылыми-зерттеу институты аумағында болған жарылыстан соң газ толтыру станцияларына да бақылауды күшейтеді. Ал, Төтенше жағдайдан зардап шеккен күзетші газдан уланып, жан сақтау бөліміне түскен. Ақерке Бектас тарқатады. 

Это специальный немецкий утечкаискатель. Он определяет утечку сжиженного газа. Вот данный кран течет. И так практически в 90 процентах, во всех домах.  

Тұрғын үй ауласында газдан еш қауіп болмағанмен, баспанадағы жағдайды ешкім бақылап жатқан жоқ дейді сарапшылар. Олар тез арада тексеріс жүргізіп, құбырларды ауыстыру қажеттігін ескертті. Оны тұрғындар өз қалтасынан төлеуі тиіс.  

Федор МОРДВИНКИН, ТӘУЕЛСІЗ ГАЗ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:  

Бұл мәселе бұрыннан бері келе жатқан ескі тұрғын үйлерге қатысты. Барлық бақылауды заң аясында жүзеге асыру үшін алдымен қайта құру жобасын жасау қажет. Нақты сметалық құны шыққан кезде, ары қарай тұрғындар өздері шешеді.

Былтыр қалалық iKomek қызметіне газ тарауына қатысты 200-ге жуық шағым келіп түскен. Тұрмыстық газ 1000-нан аса тұрғын үйге жеткізілді. Бұл 80 мың пәтер. Олардың қауіпсіздік талаптарын тексеру үшін әкімдік арнайы тапсырма беріпті 

Мақсат АБЫЛОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Білікті мамандардың жоқтығына байланысты,тексерістер бойынша,газ желісінің құрылысы бойынша газ желісінің құрылысына байланысты екі құрылыс монтажды ұйымы өздерінің жұмыс істеу лицензиясынан жарты жылға тоқтатылды.

Елорданың барлық жекеменшік секторы газ бөшкесін пайдаланады. Қалаға бірнеше компания қызмет көрсетеді. 4 газ толтыру станциясы және 5 пункт ресми түрде жұмыс істейді. Өткен жылы олардың жұмысында 180 заңбұзушылық анықталған.  

Владимир ОВЧИННИКОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Техникалық тексеріс уақытында жүргізілмеген. Ұйымдастыру жоспары бар. Бірақ, нақты жүргізілгенін анықтау қиын. Не инспектордың қатысуынсыз тексеріс жүрген немесе мүлдем бақылау болмаған. «АстанаГазСервис» қызметін қоспағанда, барлық заңбұзушылықтарды анықтадық.  

Ал, атқамінерлер қоймада болған жарылыстың себебін алдағы 10 күнде анықтаймыз деп сендірді. Оның қашалықты заңға сай жұмыс істегені сонда белгілі болады. Еске салайық, күні бұрын жекеменшік аумақта газ сақтайтын сыйымдылық жаралып, жақын жердегі жатақхан терезелері күл-талқан болған. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов бір жағынан Магниторскіде болған қайғылы жағдайдан соң шаһардағы газ қондырғыдарын түгел тексеруді тапсырды.    

А. Бектас