Русский Сайттың толық нұсқасы

Екі жылда ескі машинасын жоюға тапсырған азаматтарға 10 млрд теңгеден астам қаржы төленді

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2019
  • 3271

Екі жылдан бері 80 мыңнан артық ескі көлік жоюға тапсырылып, қожайындары 10 млрд теңге алған. Ал, жеңілдік сертификаты 20 мыңға жуық көлік иесіне берілген. Бұл бағдарлама биыл да жалғасын таппақ. Қазір қанша сертификат бөлінетіні жауапты мекемеде талқыланып жатыр. Себебі, былтыр халық тарапынан оның санын арттыруға байланысты бірнеше өтініш түскен еді.  

Жомарт РАҚЫМЖАН, «ӨКМ ОПЕРАТОРЫ» ЖШС ӨКІЛІ:

Халық өте белсенді қатысты утилизация бағдарламасына. Осы жылды біз қорытындыладық. Енді 2019 жылға министрлік анықтап береді. Бұдан кейін сертификат бағдарламасы ары қарай жалғасын табады.

Өткен жылы республика көлемінен 41 мыңға жуық ескі көлік қабылданыпты. Олардың иелеріне 4 млрд 74 млн теңге төленген. Ал, 13 мыңнан астамына отандық машина сатып алуға жеңілдік беретін сертификат табысталды. Соның арқасында 8 мыңға тарта азамат су жаңа автокөлікке ие болған. Айта кетейік, жеңілдік сертификатының құны 315 мың теңгеден 650 мың теңгеге дейін жетеді. Ол тапсырылатын көліктің салмағына және санатына байланысты. Бұл құжат берілген күнінен бастап 12 айға ғана жарамды. 

Д. Қайыртай