Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ әскерін Сириядан шығара бастады

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2019
  • 2230

АҚШ әскерін Сириядан шығара бастады. Бұл туралы «Newsmax» арнасында құрама штаттардың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон Таяу Шығыстағы лаңкестермен негізгі күресті жалғастыра береді. Ал, әскердің толық кету уақыты Сирия жерін соңғы америкалық сарбаз тастап шыққанда белгілі болады. Сондай-ақ, Помпео АҚШ күрдтерді Түркиядан қорғайтынын жеткізді. Қазіргі уақытта түрік әскері Сириямен шекарада жаңа операцияға дайындалып жатқанға ұқсайды. Еске салайық, 2018 жылдың қыркүйек айында Дональд Трамп ДАИШ жауынгерлері толық жойылғанын, сондықтан өз әскерін Сириядан алып кететінін мәлімдеген еді. Кейін Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ ДАИШ -пен күресті жалғастырады деді. 2014 жылдан бері Сирия жерінде 2000-ға жуық америкалық сарбаз болды. Олар «Сирия демократиялық күштері» ұйымымен бірге шығыс пен солтүстік-шығыстағы табиғи ресуртарға бай аймақтарды бақылап келді.  

А. Сейфулла