Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдар қар құрсауында қалды

  • AstanaTV
  • 04 қаңтар 2019
  • 2532

Ал, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарасты бірнеше ауыл қар құрсауында қалды. Тұрғындар жолдың тазартылмағанын, аудан орталығымен қатынас қиындағанын айтады. Бұл аздай боран кезінде электр желілері бірнеше жерден үзіліпті. Жарық беретін генератордың да жанармайы таусылған деп шағымданды. Амалы таусылған ауылдықтар шекарашылардан көмек сұрапты. Олардың сөзінше, бұл жағдай жыл сайын қайталануда.  

Бектұрған ДОСҚАЛИЕВ, БҚО, ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Жол жоқ, «Комсомол» фермасында свет жоқ. Бір жұманың үстінде болды, болған жоқ вообще. Жылқы қалып қойған далада. Жылқыға бара алмай жатырмыз. Ресей шекарашылары звондап жатыр, Ресей бойынша жылқыларың жүр, алып кетіңдер деп. Атпен шығуға аттың бауырынан келеді қар. Хозяйка бәрінен көмек сұрап жазған, әкімдікте ештеме жоқ.

Ал, Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деді. Әкімнің сөзінше, барлық елді мекендерде электр жарығы бар, 27 желтоқсанда боран болып, электр желілері үзілген. Бірақ, ол қалпына келтіріліп жатыр. Ал, қар құрсауында қалған қыстақтарға бірнеше ауыр техника жіберілген. Қазір елді мекендер қардан тазартылып жатқанын жеткізді.  

Азамат САФИМАЛИЕВ, ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 

«Комсомол» қыстағымыз болып есептеледі. Оның басында жалғыз бір үй бар, ол - шаруа қожалығы, өзінің малын сол жерде ұстап отыр. Екі техникасы бар, жаңа техника жұмыс істеп отырған. Енді қандай себептермен өздеріне жол салмай отырғанын білмеймін, бірақ басқа қыстақтар өздерінің техникасы ескі болса да, шағын қар жауған бораннан кейін өздеріне жол аршып, өздеріне қатынас жасап отыр.

Е. Карин