Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын кешеден бері Қытайда жүр

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2019
  • 3346

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын кешеден бері Қытайда жүр. Бір қызығы оның жұмыс сапары жайлы еш жерде ресми түрде жарияланбады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды. Осылайша бір жыл ішінде Корей халықтық Демократиялық Республикасының лидері Қытайға 4-ші рет атбасын бұрды. Бұл жолы Ким Чен Ынның сапары 10-қаңтарға дейін созылмақ. Еске салайық, бұдан бұрын АҚШ Президенті Дональд Трамп Ким Чен Ынмен кездесуді күтіп жүргенін хабарлаған. Ақ Үй екі ел басшысына ыңғайлы кездесетін орын іздей бастаған. Алдағы жүздесуде Трамп Си Цзинпен арадағы әңгімені талқылауы мүмкін. Трамп пен Ким Чен Ынның алғашқы кездесуі былтыр маусым айында Сингапурде өткен. Онда тараптар Корей түбегінде ядролық қаруды қысқартуға келіскен еді.

М. Дюсекина