Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тесла» енді Қытайда да өндірілетін болады

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2019
  • 1922

«Тесла» енді Қытайда да өндірілетін болады. Америкалық компанияның басшысы Илон Маск осылай мәлімдеді. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, «Тесла» шет ел аумағындағы алғашқы зауытын Шанхайда ашуды жоспарлап отыр. Онда жылына 500 мың машина шығарылатын болады. Жаңа зауыттың құрылысына 5 млрд доллар жұмсалмақ. Бұл кәсіпорыннан 2020 жылға қарай «Model 3» маркалы электрокар өндіріле бастауы керек. Кейінгі уақытта Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының өршуіне байланысты «Тесла» осы елдің нарығына кіруде қиындықтарға тап болған. Оның үстіне Қытай тарапы АҚШ-тан әкелінетін автомобильдерге жаңа салықтар енгізген еді. Осы себептен америкалық электромобильдердің Қытайдағы сатылымы біршама азайған. Бірақ, Илон Маск жағдайды реттеудің жолын тапқан сыңайлы.  

Д. Қайыртай