Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың Харбин қаласында мұзды қонақ үйі ашылды

  • AstanaTV
  • 08 қаңтар 2019
  • 2834

Қытайдың Харбин қаласында мұзды қонақ үй ашылды. Әзірге қонақ үйде ешкім түнемеген. Бірақ, оған қарасты мейрамханаға келушілердің санында шек жоқ. Туристерді, әсіресе, мұз қабырғалары мен жиһаздар ғана емес, сондай-ақ, іштегі атмосфера да қызықтырып отыр. Бөлме ішіндегі температура нөлден төмен болса да, қонақтарыдың келуіне кедергі келтірмей отыр. Олардың айтуынша, суықта тамақ әлдеқайда дәмді, ал сусын бойға жылу береді. Мұзды қонақ үйі жыл сайынғы өтетін мұз айдыны фестивалі қарсаңында ашылған. Бұл туристердің санын арттырып отыр. Ондағы мұзды фигуралар мен ғажайып мүсіндер келушілерді тәнті етті. Харбин Қытайдағы ең суық қала болып саналады. Мұндағы сынап бағанасы шамамен 35 гардусқа дейін төмендейді.  

Петр ЖЕНГ, СИНГАПУРДАН КЕЛГЕН ТУРИСТ: 

Харбинге төмен температураны сезіну үшін арнайы келдік. Мен мұз айдынында көкөністер мен қақталған еттің дәмін алғаш рет татуым. Әзірге көңілімнен шығып отыр. Біраз суық. Бірақ, тамақтанғанда жылынып қаламын. Бұл-керемет сезім.

Д. Сапарқызы