Русский Сайттың толық нұсқасы

Депуаттар газ қондырғыларын бақылауды күшейтуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2019
  • 1865

Магнитогорскідегі 39 адамның өлімі Қазақстанға сабақ болу керек. Мәжіліс депутаттары қайғылы жағдай қайталанбас үшін Үкіметке шара қабылдауды ұсынды. Артур Платонов былтырғы жылдың өзінде газбен жабдықтау жүйесінде 80 төтенше жағдай болғанын айтты. Депутат талай адам тірідей өртеніп кеткен оқиғаларды жіпке тізді. Ең қорқыныштысы соңғы жылдары мұндай деректер көбейген.   

Артур ПЛАТОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Газ баллондарын сатумен жеке ұйымдар айналысатыны жағдайды қиындатып отыр. Оларды бақылаумен кімнің айналысатыны жүйеленбеген. Арнайы инспекцияларды құру ісі де, газ қондырғыларын тексеру және сапасына бақылау жасау мәселелері де реттелмей отыр. Сондықтан, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін кешенді іс-шаралар жүргізуді сұраймыз.

Ал, елде көлік апатынан 80 мың адам қаза тапқан. 500 мыңы зардап шегіп, көбі мүгедек атанған. Апаттың 95 пайызы жүргізушілердің кесірінен болатынын айтқан депутат куәлік алу талаптарын күшейту туралы Үкіметке сауал жолдады.  

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Осы орайда көлік жүргізушілерін оқытатын ұйымдарға деген талапты күшейтіп, емтихан мен жүргізуші куәлігін алу тәртібін реттеуді ұсынамын. Сондай-ақ, жолаушы тасымалдаушыларды апатты жағдайда көлік жүргізуге үйретуді қолға алу керек.

Д. Қайыртай