Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық қонақ үйлердегі екі бөлмеде ғана мүгедектерге жағдай жасалған

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2019
  • 2271

Қызылжарлық қонақ үйлердегі екі бөлмеде ғана мүгедектерге жағдай жасалған. Қалғандары кембағал жандардың талаптарын орындауға асығар емес. Бұл жайында «Нұр Отан» партиясының аймақтағы филиалында өткен жиында белгілі болды. Өңірде екі жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғайтын арнайы бастамашыл топ құрылды. Осы аралықта олар шаһардың 220 мекемесін тексеріп үлгерген. Тізімге кірген әрбір бесінші нысан сыннан өтпей сүрініпті. Арасында «Абылайхан резиденциясы» мұражайы, облыстық драма театры мен ішкі істер департаментінің мекемелері бар. Мәселен, драма театрында мүгедектерге арналған әжетхана жоқ. Сондай-ақ, көрермен залындағы баспалдақ жеңіл арбалар үшін ғана қолайлы. Жергілікті билік өкілдері жыл соңына дейін мәселені қолға аламыз деп уәде етті.  

Игорь КОНОВАЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША КЕҢЕСШІСІ: 

Біз қаланың тоғыз қонақ үйін тексеріп шықтық. Ондағы бөлмелердің екеуінде ғана мүгедектер тұра алады. Қонақ үйлердің көбі кеңес одағы кезінде салынған. Оны жаңғырту қыруар қаржыны қажет етеді. 2019 жылдың аяғына дейін қаладағы 253 мекеменің барлығын талапқа сәйкестендіруге тырысамыз.

А. Құрманкин