Русский Сайттың толық нұсқасы

Экономикалық өсім 3,8 %-дан 3,5%-ға төмендемек

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2019
  • 2501

Мұнай өндірісінің бәсеңдеуі мен бюджетті сауықтыру шараларынан Қазақстан экономикасы бәсеңдеуі мүмкін. Дүниежүзілік банк болжамынша, экономикалық өсім 3,8 %-дан 3,5%-ға төмендемек. Былтыр мұнай бағасы мен өндірістің артуы ел экономикасына табыс әкелді. Ал, аймақтың дамуына Түркия экономикасының бәсеңдеуі кері әсерін тигізеді деген болжам бар. Саясат пен санкциялар салқыны да әсер етуі мүмкін. Оның үстіне дамыған елдерде биыл экономиканың өсу қарқыны 2%-ға бәсеңдейді деген жорамал бар. Сондықтан, Дүниежүзілік банк 2020-21 жылдары Қазақстандағы көрсеткіш 3,2%-ға дейін төмендейді деп болжайды.  

А. Бектас