Русский Сайттың толық нұсқасы

Денис Тенге пышақ сұққан кезде қылмыс орнында болған полицейлер сотта түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2019
  • 2621

Денис Тенге пышақ сұққан кезде қылмыс орнында болған полицейлер сотта түсініктеме берді. Қос сақшы алғашында оларды алысып жүрген жастар деп ойлаған. Кейін күдіктілердің бірі Денис Тенді белбеумен ұрғанын байқағанда оқиға орнына жеткен. Олар сол кезде Назарбаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы дәмханаға жүрек жалғауға келгендерін айтты. Ал, олар ажыратпақ болып жақындағанда біреуінің аяғынан қан ағып жатқанын көрген.  

Азамат НҰРПЕЙІСОВ, КУӘГЕР:

Мен жүгіріп жетіп қалған кезде тізерледі, сосын етбетімен құлап түсті. Қарағанда оң аяғында қан шығып тұрғанын көрдім. Мен келген кезде ол кәдімгідей ес-түсін біліп жатты. Мен келдік артынан бір жігіт пен қыз келді. Ана екеуінің қашып бара жатқанын көріп тұрмын. Сол екеуіне жедел жәрдем шақырыңдар дедім де ары қарай өзім жүгіріп кеттім. Ары қарай жүгіріп бара жатып рациямен ориентировка бердім.

О. Нұржақып