Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдегі ең бай адам әйелімен ажыраспақ. Солтүстік Кореяның бірінші ханымы Dior мен Chanel-ді ұнатады...

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2019
  • 4338

Әлемдегі ең бай адам, Amazon-ң негізін қалаушы Джефф Безос әйелі Маккензимен ажырасатынын хабарлады. Дәлірегі - екеуі «Твиттерде» бірлескен мәлімдеме таратты. 25 жыл отасқан. 4 баласы бар – 3 ұл, бір қызды асырап алған. Екеуі «егер 25 жылдан кейін ажырасатынымызды білсек те бәрібір үйленетін едік», деп жазған... Бірлескен жобаларда әріптес болып қалатындарын айтқан. 54 жастағы Безос әлемдегі ең бай адам – 160 млрд долларға жуық капиталымен. Amazon осы аптада Apple-ді нарықтық капиталы бойынша басып озып, дүниедегі ең қымбат компанияға айналды. Ал ажырасқаннан кейін күйеуінің капиталының жартысын алса, Маккензи Безос әлемдегі ең бай әйел болуы мүмкін, деп жазды Блумберг. Тіпті 1 процентіне ие болса да, ауқатты әйелдер клубына кіреді, дейді агенттік. Блумбергтің 500 миллиардерді тізген рейтінгісіндегі 66 әйелдің басым көбі байлыққа отағасы қаза тапқасын немесе ажырасқаннан кейін ие болғандар. Тек алты әйел миллиардтық байлықты өздері тапқан.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын оқ өтпейтін пойызбен Қытайға барған, ол әкесі мен атасына қарағанда жұбайын ертіп жүреді. Дегенмен Ли Соль Чжудің кім екені жұмбақ. Тіпті олардың 3 баласы бар деген ақпараттың өзі нақты емес... Бірақ Ли Соль Чжудіңкиген киімі мен ұстаған сөмкесіне қарап, оның жан дүниесі пролетарлық емес екенін бағамдайсың. Би Би Сидің жазуына сүйенсек, Солтүстік Кореяның бірінші ханымы батыс брендтерін жақсы көреді. Фотографияларға қарағанда Ли Соль Чжу Dior мен Chanel сөмкелерін, сонымен бірге Red Valentino, Dior, Tiffany, Movado брендтерін ұнатады. Ол Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің портреттері бедерленген значок тақпайтын Солтүстік Кореядағы жалғыз адам. Қайын аталарының бейнелерінің орнына қымбат брошка тағады. Таға алады...