Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы өкілдері мектеп асханаларын аралауға шықты

  • AstanaTV
  • 14 қаңтар 2019
  • 3585

Мектеп асханасы сапалы болсын десек, оған қоғамдық бақылауды күшейту керек. Бұл жұмысты бракераждық комиссия мүшелерінің құрамын толықтырудан бастаған жөн. Шымкентте мектеп асханаларын аралап шыққан «Нұр Отан» партиясының өкілдері арнайы топтың құрамына қоғам белсенділері, журналистер тіпті блогердердің кіргізу керек дейді. Ал, қызылордалық ата-аналар мектеп асханаларындағы ас мәзірі құнарлы болуы үшін мердігерлерді тендер арқылы таңдауды доғару қажет деп отыр.  

Бекітілмеген ас мәзірі, құнарсыз тамақ, сары майсыз ботқа... Бұл - Қызылордадағы мектептердің біріндегі көрініс. Асханада санитарлық талаптар да сақталмаған. Қоймалар да бос. Облыстағы білім беру ұйымдарына қарасты асханалардың жұмыс сапасына бақылау жасаған сараптама тобы тағы біраз кемшілікті тізді.  

Аида ӘБИБУЛЛАЕВА , «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ҚО ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Әр балаға ас мәзіріндегі белгіленген нақты бір тағамның бүгінге мөлшері 223 теңге деп қалалық білім бөлім бекітіп отыр. Бекітілген стандартқа сәйкес балаға тиісті қажетті барлық дәрумендермен қамтамасыз етілу керек. Осы мәселеге аса мән берілмігендіктен біраз балаларға тиісті тамақ дұрыс жеткізілмей отыр деп есептейміз.

Расындада ата-аналар арасында баласының ішіп-жеміне көңілі толмайтындар бар. Сондықтан, балаларды тамақтандыру ісінде мердігерді тендер арқылы таңдауды тоқтату қажет дейді.  

Бағдәулет ЕГЕМБЕРДИЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Тендерге түсіп жатыр ғой, солардың болмағаны жақсы. Тендерге түскен ол ең төменгі баға ғана жеңеді. Сол үшін ең төменгі сапасыз тамақтанады. Көптеген нәрселер болып жатыр, оны естіп жатырмыз, көріп жатырмыз.

Ал, бұл - Шымкентте № 1 мектеп-гимназия. 4300 бала оқитын мектепте 111 бала бюджет, тағы 20-сы кәсіпкер есебінен тамақтанады. Мұнан бөлек, 1,5 мыңдай оқушы бір мезгіл өз ақшасына ыстық ас ішеді. Өзгесі қайдан тамақтанады? Ол жағы белгісіз. Асхананы жалға алған жеке кәсіпкердің айуынша әр балаға орта есеппен -250 теңге кетеді. Білім ордасын бас сұққан партиялықтар тамақтандыру орындарының жұмысын бақылайтын комиссия құрамын қайта қару керек деген пікірімен бөлісті.     

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Көп бракераждық комиссияда жалпы осы мектептің қызметкерлері ғана енген. Соның ішінде талап бойынша ата-аналар кеңесінің мүшесі болуы керек. Сол ата-аналар кеңесінің мүшесін қосып қояды да, сонымен шектеледі. Бұл дұрыс емес деп ойлаймыз. Оның ішінде журналистер болсын, қоғамның белсенді азаматтары, блогерлер болсын сондай азаматтар кірсе, бұның сапасы жақсаруға үлкен үлес болатын еді деймін.

Ал, Павлодарда партиялықтар бас сұққан «Жас дарын» мектебінде бар болғаны 370 бала оқиды. Асханасы шағын болса да, ас мәзірі әр алуан.  

Гүлсүйер ИСАМБАЕВА, АТА-АНА: 

Біз асханаға үнемі келіп, тексеріп тұрамыз. Өйткені, баларамыздың қалай тамақтануын кез келген ата-ананың білуі керек.

Ал, Өскемен мектептерінде комиссия түскі ас үстіне дәл түсті. 630 бала оқитын мектептің ас-мәзірі бай. Айтпақшы, бұл асхана үш мезгіл тамақ әзірлейді.  

Олег ЧУГУНКОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Ата-аналармен тілдестік, оқушылардың өздерімен де. Балалардың шағымы жоқ. Дегенмен, оқушылардың базыналары хот-дог, шаурма секілді жеңсік астарын мәзірге қосса дейді.

Игі іс Қызылжарда да қолдау тапты. Қоғам өкілдерімен бірлесіп рейдке шыққан партия өкілдері мектеп асханаларында бірқатар олқылықтарды анықтады. Мәселен, 700-ден астам бала оқытатын №1 гимназияның асханасы өте тар. Бір уақытта небәрі елу бала тамақтана алады.   

Наталья БУКАТОВА, БІРІНШІ ГИМНАЗИЯ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Балалар асханада таңғы асын ішеді, күндіз әр сыныптың жеке уақыты бар, соған сәйкес тамақтанады. Аш жүрген ешкім жоқ. Әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары үшін түскі ас 229 теңге тұрады, ал қарапайым оқушылар асты 300-350 теңгеге сатып алады.

Қызылжардағы рейд барысында бастамашыл топ мүшелері балалардың ас мәзірінен дәм татты. Олар тағам сапасынан мін таппады. Ұйымдастырушылық мәселелерді жетілдірген жөн деп қосты.  

А.Төребекқызы