Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді елімізде жас-жұбайлар үш күннің ішінде үйлене алады

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2019
  • 2642

Электронды үкіметтің ерекшелігі. Енді елімізде жас-жұбайлар үш күннің ішінде үйлене алады. Бұрын-соңды бір айға созылатын некені тіркеу рәсімі осынша мерзімге қысқарды. Бұл туралы Үкімет отырысында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. Бұдан бөлек, жұртшылық көп жүгінетін медициналық анықтамаларды да үйден шықпай алуға болады. Енді «Egov» порталы наркологиялық, психологиялық және туберкулезге қатысты анықтама беруге қауқарлы. Мемлекеттік қызметтердің қазір 61 пайызы электронды форматқа көшірілген. 2020 жылға дейін оны 90 пайызға жеткізу жоспарланады.  

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРІ: 

Біздің электронды Үкімет қазір «Egov» 2.0 сатысында. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында біз «Egov 3.0» сатысына көтерілу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл саты Оңтүстік Корея, Австралия, Сингапур, Ұлыбритания мен Данияда қолданылып жатыр.

Дегенмен, жұрт әлі көп қызметтер үшін сабылып халыққа қызмет көрсету орталықтарына барады. Мысалы былтыр мекен-жай анықтамасын алуға 10 млн адам кезекке тұрған. Оны кез келген жерде «Egov» порталы немесе «Телеграм» желісі арқылы оп-оңай алуға болады. Сондықтан да, цифрлық сауаттылық мәселесі әлі де өткір тұр.  

Даурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ: 

Қазақстандықтардың 64 пайызы смартфондардары арқылы интернетті пайдаланады. Сондықтан да біз электронды үкіметтің «Mgov» мобильді қосымшасын дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. Бүгінгі таңда «Mgov» арқылы 87 қызмет пен сервисті ғана пайдалануға мүмкіндік бар.

Ал, кешкі уақытта жиі сөніп қалатын интернетке қатысты Абаев мырза өз басы ол проблемаға кезікпегенін айтты.  

А. Сейфулла