Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы билігі күдікке іліккен ханзадалардан 800 млрд $ тәркілемек

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2017
  • 2618

Сауд Арабиясы билігі жемқорлыққа қарсы науқан кезінде 800 млрд доллар тәркілемек. Бұл туралы The Wall Street Journal сенімді ақпарат сөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Онда алдымен жемқорлық ісіне қатысы бар барлық фигуранттардың Орталық банк есепшоттарындағы қаражаттары ұсталғаны жазылған. Сондай-ақ шетел банктерінде жасырылған ақшаны табу үшін барлық жағдай жасалмақ. Тәркіленген қаражат бюджет тапшылығын жоюға жұмсалмақ.

Бұған дейін 60-тан астам ханзада мен жоғары лауазымды шенеуніктер ұсталғанын хабарлаған едік. Оларды түрменің орнына қонақ үйлерге жайғастырған. Күдіктілер билікті пайдаланып, парақорлыққа жол берді деп айыпталып отыр. Бірақ сарапшылар мұның артында таққа талас жүріп жатқанын айтты. Осылайша 32 жасар тақ мұрагері Мохаммед бин Салманның таққа жетер жолы тазартылып жатыр деп болжайды.

Ауқымды жемқорлықпен күрес науқаны қара алтын құнының қымбаттауына әкелді. Сарапшылардың айтуынша, оның пайдасын да Сауд Арабиясы көреді. Өйткені мұнай экспортын тәулігіне 9 млн долларға арттырған. Бүгін қара алтынның баррелі 1 долларға арзандап, 63 долларды көрсетті.