Русский Сайттың толық нұсқасы

Журналистердің сауалдарына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 08 қараша 2017
  • 3375

Журналистердің сауалдарына жауап бермеген шенеуніктердің жалақысы кесілуі мүмкін. Мәжілісте Ақпарат және коммуникациялар туралы заң жобасына енгізілген өзгерістерді таныстырған министр Дәурен Абаев тілшілерге осылай деді. Министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру мерзімін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіледі деп те сендірді. Жаңа заң жобасында мемлекттік органдар тілшілердің ресми сауалдарына қазіргідей 3  күнде емес, 15 күн ішінде жауап беруге құқылы делінген. Алайда депутаттардың өзі екі аптада кез келген ақпараттың ескіріп кететінін айтып, бұл мерзімді қайта қарауды ұсынды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Қазір мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл мәселе қазір Үкіметте қарастырылуда. Біз жұмыс тобында қарадық, қысқартамыз деп айтуға толық мүмкіндік бар шығар. Белгісіз, бірақ бір апта ішінде белгілі болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ