Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында бөлшектелген мүйізді шекара асырмақ болған Ресей азаматы ұсталды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2019
  • 3158

Қостанай облысында жануар мүйізін бөлшектеп, шекара асырмақ болған Ресей азаматы ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Киік» жедел алдын алу шарасы барысында барлығы қырық браконьер қолға түскен. Табиғатты қорғау полицейлері соңғы 5 күннің ішінде 46 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Көбі аңға рұқсатсыз шыққан көрінеді. Браконьерлерге 200 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Ал, қазір Ресей азаматының қандай жануардың мүйізін бөлшектеп әкетпек болғаны анықталып жатыр. Егер, қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйізі болса, айыппұл салынып не шартты жаза арқалауы мүмкін.  

Талғат АХМЕТОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: 

«Қайрақ» кеден бекетінде шекара қызметкерлерімен бірлесіп, табиғатты қорғау полиция Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен топ құрылып, 1979 жылғы Ресей азаматы ұсталды. Шекарадан заңсыз белгісіз жануардың мүйізін өткізгісі келген. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған іс бойынша іс қозғалып, сараптамалар бекітілді.

З. Санай