Русский Сайттың толық нұсқасы

КАSЕ мамандары теңге бағамына қатысты болжам жасады

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2019
  • 2240

Доллар 410 теңгеге дейін қымбаттайды деуге негіз жоқ. Биыл теңге бағамы тұрақты болады. KASE Қазақстан қор биржасы төрайымының орынбасары Андрей Цалюк осылай деп мәлімдеді. Көктем уақытында доллар керісінше арзандауы мүмкін деген де болжам бар. Бағам АҚШ пен Ресей арасындағы экономикалық қатынастарға тікелей байланысты болмақ. Сауда соғысына жол берген Америка мен Қытаймен қазір келісімге келе бастады. Бұл - жақсы нышан. Сондай-ақ, АҚШ Федералды резерв жүйесі дамушы елдердің нарығына байланысты мөлшерлемелерін де өзгертпек ниетте. Бұлар теңге бағамының тұрақты болуына әсер етпек.  

Андрей ЦАЛЮК, ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазіргі жағдайға қарап доллар өсіп барады деп айтуға болмайды. Бізде рекордты көрсеткіш 1 доллар үшін 384 теңге болып отыр. Бүгінгі таңда ол бұл межеден төмен. Мен белгілі сарапшылардан сұрап білдім. Соңғы үш айдағы жағдайды да саралап көрдім. Осы уәждерге сүйенер болсам, доллар 407-410 теңгеге дейін аспандайды деуге ешқандай негіз жоқ.

Р. Асқарбекұлы