Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдағы мектеп директорының қимылы жұқпалы биге айналды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2019
  • 3347

Жұқпалы би. Қытайлық мектеп директоры мен ондаған оқушы жылдам әуеннің ырғағымен қызу биледі. 40 жасар басшы семіздікке шалдыққан, аз қимылдайтын әрі гаджеттерді жиі қолданатын балалардың көңілін аудару үшін ұйымдастырған. Ол үшін алдымен биді өзі үйреніпті. Енді шәкірттерімен күн сайын мектеп алаңында 5 минутық бой сілікіндіріп алуды әдетке айналдырған. Директор мектеп бағдарламасының оқушыларды жалықтырғанын да айтқан. Оның ұсынған қимылдары бойдағы қанды жүгіртіп қана қоймай, көңіл-күйді де көтереді. South China Morning Post жазғандай, бір өкініштісі ер азамат жұмысынан шығып кетуі әбден мүмкін. Себебі, би қимылдар мектеп бағдарламасының талаптарына сай келмейді. Ал, оқушылардың пікірінше, гимнастикадан гөрі билеген әлдеқайда қызықты. 

Д. Сапарқызы