Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің іргесіндегі саяжайда халық қар суын ерітіп ішіп отыр

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2019
  • 3171

Ақтөбенің іргесінде халық қар суын ерітіп ішіп отыр. «Құрылыс -2» бау-бақшасы тұрғындары ауыз суға зәру. Алпыс түтін үй ауыз суды қаладан тасып ішуге мәжбүр. Бақыт Рахметова тұрғындар тұрмысымен танысып келді.  

Алпыс екі жастағы Сергей Анапин отбасымен он бір жылдан бері осында тұрады. Құзырлы орындардан рұқсат алып үй салған. Бірақ, қалаға жақын болса да ауыз судан тарығып отырғандарын айтады.    

Сергей АНАПИН, ТҰРҒЫН: 

Суды тасып ішеміз. Пайдаланамыз кірге, жоқ болса шайға да құйып ішеміз керек болса. Сүзіп алып марлымен. Су жоқ, ауыз су жоқ осы жерде. Ішуге не возможно. 40 метр жерді тесті екі жігіт. Ащы ішуге мүмкін емес.

Мұнда 60 түтін бар. Барлығына ортақ мәселе ол - ауыз су, жылу және жол.  

Құрманғазы БЕЙСЕНАЛИН, ТҰРҒЫН: 

Судың жағдайын көрдіңіздер. Көлігі барлар тасып ішеді. Көлігі жоқтар қардың суын ерітіп ішеді. Ауылды араласаңыз. Свет жағдайы мүшкіл. Қатты боранда ауылда свет болмайды.

Гүлшара САРИНА, ТҰРҒЫН: 

Біздерде мына жерде қаншама үлкен кісілер тұрып жатыр. Бәріміз бір-бір баламен отырған анамыз. Үкіметтен сұрап отырғанымыз бізге рұқсат берсін. Газымызға өз қалтамыздағы ақшамыз. «Бауырластар -4» су кіріп жатыр. Сол суға сосок тастап кетсе, өзіміз әрі қарай тартып аламыз.

Бұл бау-бақша ұжымынан бір шақырым жерге көгілдір отын да, ауыз су құбыры да келіп тұр. Бірақ әкімдіктегілер одан газ бен су тартуға рұқсат бермеген. Көгілдір отынды 4 шақырымдағы құбырдан тартыңдар деген. Ол үшін 500-600 мың теңге қажет көрінеді.  

Сәлімгерей НАУРЫЗБАЕВ, КӘСІПКЕР: 

Алыстан 4 км жерден алған халыққа қиын, себестоимость газопроводқа өсіп кетеді. Мына любой ауылға газ тартқанда 150-170 млн теңге бюджеттен бөлінеді. Бұл ауыл бір тиында сұрап отырған жоқ. Өз қалтасынан төлеп отыр. Бізбен қосылып, жартысын біз алып отырмыз. Өзіміз тартамыз деп тұрмыз. Соған да рұқсаттың өзін бермей тұр.

Ал, әкімдіктегілер бұл бау-бақшада баспана салуға көпшілігінің рұқсаты жоқ екенін айтады.  

Еркін УРДАБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Бұл жерге көгілдір отын жүргізуді қолға алған мердігер барлық құжаттарын реттеу керек. Ең әуелі құбыр құрылысы жүретін жерге рұқсат алу керек. Барлық қажетті құжаттарын жинаса ғана рұқсат бере аламыз.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

«Құрылыс- 2» бау-бақша ұжымы мәселесі бүгін қала әкімдігінде өткен жиналыста қаралған. Онда жақын арада саяжай аумағына ауыз су мен көгілдір отын өткізу мүмкіндігі сөз болыпты. Ол үшін мердігер мекемеге барлық құжаттарын өткізу де тапсырылған.

Б. Рахметова