Русский Сайттың толық нұсқасы

2019 жыл жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жылы болмақ

  • AstanaTV
  • 23 қаңтар 2019
  • 4326

2019 жыл жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жылы болмақ. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивеситетінің профессоры Жамаладин Ибрагимов осындай пікір білдірді. Президент жолдауы адами капиталды дамытуға бағытталған. Сондықтан білім мен денсаулық сақтау саласындағы сапа артып, жаппай спорт қолжетімді болады деп санайды. Бүгін нұртандықтар «Астана Арена» партия ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді. Оның жүздеген мүшесі болса, көбі жастар. Олар Президенттің қазандағы Жолдауын жүзеге асыру тетіктерін талқылады.   

Жамаладин ИБРАГИМОВ, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:  

Биылғы басты міндеттердің бірі - Қазақстанда бар спорт кешендерін тиімді пайдалану. Жетпей жатқан жағдайда аймақтық ерекшеліктерін ескеріп, қажеттіліктерін ескеріп, жаңа 100-ге тарта спорт кешенін салу туралы тапсырма берілді. Осы бағытта қазір үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бағлан ӘЛІМҒАЗИНА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Елбасы қазан жолдауында еліміздің әлеуметтік жұмыстарға ерекше назар аударды. Оның ішінде табысқа байланысты және ең бастысы денсаулық мәселесіне де басымдық берді. Бұл халық үшін өте маңызды бастамалар. Және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімізде Жолдауды қолдайтындарын айтып жатыр.

У. Қабылтай