Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 47 тонна медициналық қалдық табылды

  • AstanaTV
  • 24 қаңтар 2019
  • 2603

Павлодарда 47 тонна медициналық қалдық табылды. Экология департаменті олардың заңсыз лақтырылғанын, ал ол тұрғындар үшін өте қауіпті екенін айтты. Ашық аспан астында үйіліп жатқан препараттарды экологтар жоспардан тыс тексеріс кезінде анықтаған. Олар қалдықтарды өртеу тиісті құжатсыз жүргізіліп келген деп отыр. Экологтардың айтуынша, «Утилизация» ЖШС 5 ауруханадағы медициналық қалдықтарды жинап, жоймақ болған.   

Дархан ІСЖАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ: 

Аталған медициналық қалдықтар өте зиянды. Экологиялық жіктелімге сәйкес қауіпті деңгей. Яғни, адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізетін кері әсері зор. Санитарлық санаты бойынша «Б» және «В» класы. Инфекцияланған медициналық қалдықтар. Бұлар пайдаланылған шприцтер, бинттер мен системалар.

Аталған фирма әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 144 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Мамандар оған қоса қоршаған ортаға келтірген зияны үшін серіктестікке 1 млн 700 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеуі қажет деп отыр. Бұл іске табиғатты қорғау прокуратурасы да араласты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.  

Эльмира ТЕМІРҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасымен комиссия құрылды. Сол комиссияның зерттеуі бойынша қосымша ақпарат беріледі.

Ә. Мұхитқызы