Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэланың ішкі шаруасына қол сұғу - халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу- В. Путин

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2019
  • 3068

Венесуэланың ішкі шаруасына қол сұғу - халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу. Ресей Президенті Владимир Путин осындай пікір білдірді. Ол бүгін Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады. Путин Мадуроға қолдау білдіріп, елдегі саяси жағдай сыртқы күштердің әсерінен ушығып кетті деп мәлімдеді. Ал, бұл уақытта қақтығыс кезінде қаза болғандар саны 26-ға жетті. Николас Мадуро 10 қаңтарда екініші рет сайлауға түсіп, қайта Прездиент болып сайланды. Жаппай қарсылыққа қарамастан биліктен бас тартқысы жоқ. Әзірге оның жақтастары аз емес, Қорғаныс министрлігі де оны қолдап отыр.  

Николас МАДУРО, ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІ:  

Ресей Президенті Владимир Путин телефон соқты. Біз 20 минутай сөйлестік. Ол Ресей мен оның Үкіметі Венесуэланың заңды билігін қолдайды, халықпен бірге екенін айтты. Ол Президент Мадуро Ресейдің қолдауына ие. Біз Венесуэламен бірлескен барлық жобалар бойынша жұмысты жалғастарамыз деді.

Венесуэладағы Ресей инвестициясы 4,1 млрд долларды құрайды. Басым бөлігі мұнай өндіруші «РосНефть» компаниясының үлесінде. Еске салайық, күні бұрын Венесуэлада төңкеріс болды. Халық жаппай ереуілге шығып, Парламент спикері Хуан Гуайдо өзін уақытша президент деп жариялады. Оның кандидатурасын АҚШ бастаған бір топ ел қолдап отыр.  

М. Дюсекина