Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы бойынша 130 өтініш қана мақұлданған

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2019
  • 2929

Елдегі үшінші мегаполис «7-20-25» бағдарламасының орындалуы бойынша көштен қалып тұр. Шымкентте аталмыш бағдарламаның орындалу барысын «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының мүшелері тексеріп көрді. Көш басында Астана, 1628 өтінім мақұлданған. Екінші орында - Алматы, 1040 өтінім. Ал, Шымкентте небәрі 130 адам «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болуға ниетті. Нұротандықтар мұның миллионды қала үшін өте төмен екенін айтып отыр. Билік партиясы өкілдерінің мәліметінше, бағдарламаның орындалуына қолбайлау болып тұрған екі мәселе бар. Соның бірі - Шымкентте жаңа үйлердің тапшылығы. Бұл бағдарлама бойынша тек келер жылы 2,5 мың шаршы метр пәтердің құрылысы жүргізілмек. Тағы бір мәселе - өтініш берушілердің несие тарихының нашарлығы.  

Бахыт ТЕМІРОВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Көптеген тұтынушылардың басында несиесі бар, табыс көзі жетпейді. Қарызын уақытылы қайтара алмай қалғандары да аз емес екен. Сондықтан біз екінші деңгейлі банктерге әр клиентке жеке қарауды ұсынғымыз келеді. Негізінде біздің азаматтардың әрқайсысының несиеге үй алатын мүмкіндігі бар. Бастысы- табысы тұрақты.

А. Төребекқызы