Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқының 97 пайызы дұрыс тамақтанбайды

  • AstanaTV
  • 25 қаңтар 2019
  • 2058

Қазақстан халқының 97 пайызы дұрыс тамақтанбайды. Бұл туралы елдегі дәрігерлер айтып отыр. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дұрыс тамақтанбаудан өлім-жітім жиі тіркелетін елдер тізімін жариялады. Ондыққа Қазақстан да кірген. Яғни, ел тұрғындарын 100 мыңға шаққанда 306 адамның ажалы астан келеді екен.  

Бақытжан БИМБЕТОВ, ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ:  

Қазақтар ет тағамдарын жақсы көреміз. Оның қамырымен қосып, нанымен бірге жейміз, иә?! Атеросклероздың дамуы жүреді және гипертония аурулары. Оның салдары не? Оның салдары инсульт, жүректің инфарктісі және өлім-жітімдер.

Әлемде 2 миллиардқа жуық адам артық салмақтан зардап шегеді. Көбі дұрыс тамақтанбаудың кесірінен ауруға шалдыққандар. Астаналық Назгүл Мағжанның да тамақты талғап жемеген соң, ағзасын түрлі ауру мазалаған. Асы түзелгелі 35 жастағы келіншек 50 келі салмақ тастаған. Аурулардың алдын алу үшін неден бас тарту қажет? Қазақстандықтар қандай тағамды жиі тұтынады? Тілшіміз Ақерке Бектастың материалын ертең 20-00-де «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.  

А. Бектас