Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл әлемнің 15 мемлекетінде еліміздің сауда-экономикалық миссиялары ашылады

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2019
  • 2583

Биыл 10 елде Қазақстан тауарларын таратумен айналысатын тұрақты өкілдіктер ашылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов мәлімдеді. Сауда миссиялары Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина, Өзбекстан сынды елдерде жұмысқа кіріседі. Осы орайда, «Қазақстанда жасалған» өнімді шартарапқа әйгілі етіп, кәсібін дамытамын деушілер еліміздің сыртқы сауда палатасына өтініш жібере алады. Айта кету керек, сауда-экономикалық миссиялар бұған дейін тек іс-сапарлатып жұмыс істейтін.  

АРЫСТАН ҚАБЫКЕНОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ :

Біздің министрліктің қолдауымен Қытай Халық республикасына ұйымдастырылған сауда-экономикалық миссияның шенберінде алғаш рет Қытай нарығына Қазақстандық ет жеткізу жүзеге асырылды. Келісімшарт ұзақ мерзімге 5 жылға жасалды.   

Вице-минстрдің ақпараты бойынша Қазақстан 119 елге 800-ге жуық өнім түрлерін экспорттайды. Соңғы 11 айда жалпы экспорт көлемі 54,7 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4 пайызға артқан. Ал шикізаттық емес өнім көлемі 3 пайызға ұлғайып 14,3 млрд долларды құраған. Осы бағытты әрі қарай қолдау мақсатында 2019-2021 жылдарға 500 млрд теңге бөлініп отыр. Өткен жылы 50 экспорттаушыға жалпы соммасы 419,7 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген болатын.  

Н. Біләл