Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэла оппозиционерлері келіссөз жүргізіп жатыр

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2019
  • 2517

Венесуэлада таққа талас жалғасып жатыр. Оппозиция Мадураны айналып өтіп, әскерилермен және Үкіметтегі шенеуніктермен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Washington Post басылымы жазды. Гуаидо билікке білдіртпей «жасырын» түрде мәмлеге келмек. Қазір елде саяси жағдай ушығып барады. Гуаидо өзін жаңа көшбасшы деп жарияламас бұрын АҚШ сенаторларынан қолдау тапқан. Мадуро отставкаға кетсе де, жаңа сайлау өткізу 9 айға дейін созылуы мүмкін дейді. Ал заңды Президенттің биліктен кеткісі жоқ. Тіпті 10 ақпанда әскери жаттығуларды бастамақ.  

Николас МАДУРО, ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІ:  

Біз 200 жылдық тарихы бар ең маңызды әскери жаттығуларға дайындық жүргізіп жатырмыз. Ешкім әлсіздер мен сатқындарды құрметтемейді. Біз Венесуэла әскерін күшетуіміз қажет. Біздің Қарулы Күштер елдегі билікті бекем етеді.

Еске салайық, өткен аптада Николас Мадуроның саясатына қарсы жаппай ереуіл басталған. Кейін Хуан Гуайдо өзін жаңа президент деп жариялады. Америка мен бірқатар мемлекет Гуайдоның шешімін құптап, қолдау білдірген-ді  

А. Бектас