Ал, Дональд Трамп Мексикамен шекарада қабырға салуды «шатдаун» аяқталса да, көздеп отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды. Егер Конгресс қажетті қаржыны бермесе, үш аптадан кейін үкімет жұмысын қайта тоқтатуы мүмкін. Ақ үй қожайыны өткен сенбіде бір айдан аса жалғасқан «шатдаунды» уақытша болса да тоқтатты. Яғни Сенат және Қауымдар палатасы қабылдаған бюджет туралы заңға қол қойған болатын. Бұған дейін Трамп туиттерде уақытша бюджетке қол қойғаны, жұмысқа қайта оралған мемлекеттік қызметкерлерге құрмет білдіру екенін жазды. Осыдан кейін, «шатдаун» кезінде Вашингтонда жабылған көрікті орындарға туристер қайта ағыла бастады.
Майк ЛИТТЕРСТ, ҰЛТТЫҚ ПАРК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Менің ойымша, көп қызметкерлер жұмысқа оралғаннан бұрын, елдегі жағдайдың тұрақталғанына жеңілдеп қалдық. Жұрт жалақысын уақытында алатын болады. Енді ол туралы аландаудың қажеті жоқ.
Д. Сапарқызы