Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сергек» камералары арқылы бір аптаның ішінде астаналық тәртіп бұзушыларға 56,6 млн теңге айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2019
  • 3041

«Сергек» камералары арқылы бір аптаның ішінде астаналық тәртіп бұзушыларға 56,6 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бейнебақылау камераларының көмегімен 12 қылмыстық, 805 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Ал, 60-тан астам бұзақы қылмыс үстінде ұсталды. Айта кетейік, полиция департаменті өткен аптада 51 металл қабылдау пунктін тексерген. Темір-терсек қабылдаумен заңсыз айналысатын 25 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Кәріз құдықтарының қақпақтарын ұрлау деректері тіркелген жоқ. 

Д. Қайыртай