Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылша ауруына шалдыққандар саны 910-ға жетті

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2019
  • 3167

Елде қызылшаға шалдыққандар саны 910 адамға жетті. Науқастардың 70 пайызы - 14 жасқа толмаған балалар. Ауру жұқтырғандардың көбісі астаналықтар. Қалада 500-ден астам жағдай тіркелген. «Дегенмен, өткен аптада науқастар саны екі есеге азайды» - дейді бас санитар. Алматыда ауырғандар бірді-екілі жағдайға дейін төмендепті. Ал, өзге 11 өңірде қызылшаға шағымданушылар мүлде жоқ көрінеді. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті балалар мен ата-аналар арасында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Мектеп оқушылары осы тақырыпта диктант жазса, әлеуметтік желідегі ата-аналардың ортақ чаттарына 170 мыңнан астам профилактикалық мазмұндағы ақпарат таратылған.  

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

1980 жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында белгілі себептерге байланысты вакцинация жасалған жоқ. Қазіргі жас аналардың көпшілігі - сол кезде екпе ала алмай қалғандар. Сондықтан олардан туатын нәрестелердің бойында бұл ауруға қарсы тұратын иммунитет болмайды. Балалардың екпе жасына жетпей, 6 не 8 айлық кезінде осы ауруға шалдығуының басты себебі осы. Ал, одан кейін бұл инфекция бізге шет мемлекеттерден келіп жатыр.

Д. Қайыртай