Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ қысқа мерзімді виза беруді жеңілдетті

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2019
  • 2615

Еуроодақ қысқамерзімді виза беруді жеңілдетпек. Жаңа ереже Шенген аумағында 90 күнге дейін аялдайтын азаматтарға қатысты. Мұны Еуропарламент ресми сайтында жариялады. Өтінішті 6 айдан 15 күнге дейін беру керек. Есесіне, виза құны 20 еуроға дейін қымбаттайды. 6 жасқа дейінгі балалар, студенттер мен ғалымдар үшін бұл әдеттегідей тегін. Танымал әртістер мен спортшыларға да жеңілдік қарастырылмақ. Ал, туроператорлар Еуропаға саяхаттайтындар қатары азайғанмен, қазақстандықтар үшін бұл ең танымал аймақ, дейді. Өткен жылы 3 мыңға жуық турист Кәрі құрлыққа қыдырып барған. 2017 жылы 6,5 мың адам саяхаттаған. Туристердің азаюына виза рәсімдеудегі қиындықтар себеп.   

Инна РЕЙ, «ТУРИСТІК ҚАМҚОР» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Біздің елде визаны рәсімдеу өте күрделі жағдай. Олар жоғары талап қоятындықтан туристер қиындықтықтарға тап болғысы келмейді. Бұл виза алуға қатты кедергі келтіреді. Егер, визаға өтініш беру жеңілдеп, оны алғаннан кейін құжаттардан қиындық болмаса, әрине жақсы болар еді. Еуропа елдеріне саяхаттаған қызық, кімнің барғысы келмейді. Қағазға қатталған құжаттар неғұрлым аз болса, туристер үшін соғұрлым тиімді.

А. Бектас