Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлық тампонажды цемент өндіретін зауыт мамандарының 80 пайызы жергілікті кадр

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2019
  • 2297

«Гежуба Шиелі Цемент» кәсіпорны жылына бір миллион тонна цемент шығарады. 260 жұмыс орны бар. Өндіріс ошағын депутаттар аралап көрді. Мәжілісмендер жұмысқа қабылдау кезінде жергілікті мамандарға басымдық беру мәселесін көтерді. Зауыттағы жұмысшылардың 80 пайызы Шиелі ауданы тұрғындары. 100 жас маман Қытайда арнайы оқудан өтсе, соншасы жергілікті индустриялдық-аграрлық колледж базасында білім алып жатыр. Зауыттың өнімі - тампонажды цемент. Ол құрылыс, мұнай-газ және уран өндірісінде кеңінен қолданылады.   

Бейбіт МАМРАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Ұтымды жерлерінің бірі-мынау шикізаттарды осы Шиелі ауданында жақын жерден осы зауытқа жеткізеді. Осында қатысып жүрген жас жігіттер сол білімдерін Қытайда жетілдірген көрінеді. Сосын Шиелінің ауданның өз басында да индустриалдық колледж бар. Сондағы оқу орталықтарында жігіттерге, қыздарға білімдерін жетілдіруге мүмкіндік бар екенін өзіміз көріп отырмыз.

Ә. Мұхитқызы