Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та аяздан үсіп өлген адамдар саны 12-ге жетті

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2019
  • 2468

Ал, АҚШ-та сарышұнақ аяз басылмай тұр. Суыққа шыдамай, үсіп өлгендер саны бүгін 12 адамға жетті. Елдің орталық батысындағы бірнеше штатта қар түскен. Аяз күші рекордық көрсеткішке жетті. Милуоки қаласында термометр -29-ды көрсетіп, желдің әсерінен минус 44-тей сезіледі. Чикагода 45 градус үскірік. Біраз мектептер уақытша жабылған. Авиакомпаниялар 1360 рейсті тоқтатты. Почта қызметі де жүрмей қалды. Синоптиктердің болжауынша, жақын арада аяз беті қайтпайды. Керісінше қаһарына мінуі мүмкін. Қоғамдық орындар жылыту орталығына айналған. Қайыршыларға жылы киім беріліп жатыр. Билік тұрғындарды қоғамдық көлікке мінбеуге шақырды. Айта кетейік, арктикалық аяз келген штаттарда 55 млн халық тұрады. Мұнда үйлердің көбі суыққа арналмаған.  

А. Сейфулла