Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық құрама Түркияда жолдастық кездесу өткізеді

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2019
  • 2631

Қазақстан ұлттық құрамасы футболшыларының деңгейі Түркияда өтетін жолдастық кездесуде анықталмақ. Бас бапкері Михал Билек осылай дейді. Ол ұлттық құрама сапына 36 ойыншыны енгізді. 21 ақпанда Молдовамен матч өткізуді жоспарланған. Айта кетейік, чехиялық бапкер Михал Билек жақында ғана Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. 53 жастағы маман осы уақытқа дейін «Фастав» командасында қызмет еткен. Қазақстанмен 1 жылға келісімшартқа отырды. Алдағы уақытта құраманың жаңа биікке шығарына сенімді. Ал, бұған дейін ұлттық құрамаға жетекшілік еткен Станимир Стоилов екі жақты келісімшартты үзді. Ол жаттықтырған кезде Қазақстан құрамасы Грузиядан жеңіліп, топтан шыға алмаған еді.   

Михал БИЛЕК, ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: 

Мен ешқандай қиындықтан қорықпаймын. Ұлттық құраманың ойындарын көрдім, жаман емес. Тәртіп пен жауапкершілік керек. Командадағы футболшылардың деңгейін анықтап, таныған соң дұрыс тактиканы табатыныма сенімдімін. Барлық матчтарда жоғары ойын өрнегін көрсетуге мүмкіндік бар.

А. Бектас