Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы көлік зауытында жетпіске жуық «Нұр Отан» партиясының мүшесі жұмыс істейді

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2019
  • 2215

Инженерлік-технология саласындағы жас мамандарды баспанамен қамту бағдарламасы қажет. Қостанайдағы көлік зауыты жанынан құрылған бастауыш партия ұйымының өкілдері есеп беру жиынында осындай ұсыныс жолдады. Олар «Нұр Отан» партиясының атқарған жұмыстарын тізбектеп, алға қойған межелі міндеттері баяндалды. Бұдан кейін партия мүшелерінің өтініш-тілектері тыңдалды. Зауытта құрылған партия ұйымы 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорындағы жетпіске жуық адам «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданған. Жиын соңында партия ісіне белсенді атсалысқан адамдар алғыс хатпен марапатталып, қалалық съездге қатысатын делегаттар сайланды.  

Әлібек ҚҰСАЙЫНОВ, «АГРОМАШХОЛДИНГ КZ» АҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Қазіргі таңда жұмыскерлер саны өсіп жатыр. Сондықтан қаланың жан-жағынан келетін автобустар аз. Сол мәселені көтеріп жатырмыз. Зауыт өз атынан тегін автобусты 1 ақпаннан бастап жұмыскерлерді тасу үшін ұйымдастырды. Бірақ, соның өзінде де алыстан, қала сыртынан келетін кісілер бар. Солардың атынан, партия мүшелерінің атынан осындай ұсыныстар түсіп жатыр.

З. Санай