Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазинвестбанк» акционерлері банкті жою туралы сот шешімімен келіспейді

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2017
  • 2645

Ал «Қазинвестбанк» акционерлері қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімімен келіспей отыр. Олар қалалық сотқа апелляциялық шағым түсіріп, бірінші сатыдағы соттың шешімін қайта қарауды сұраған. Бұл ақпаратты қаржы институтындағылар мен Ұлттық Банк өкілдері де растады.

Биыл Ұлттық Банк "Қазинвестбанктің" қызметін мәжбүрлі түрде жою үшін сотқа арызданған болатын. Аудандық сот биыл тамыз айында банктің жұмысын ресми түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған. Алайда заңды күшіне енбеген. Бұл іс бойынша сот отырысы 15 қарашаға белгіленген.

Айта кетейік «Қазинвестбанк» дауы былтыр желтоқсан айында басталған болатын. Ұлттық банк аталған қаржы инситутын төлем қабілетінің әлсіреуіне байланысты лицензиясынан айыру туралы сотқа арызданған еді. Ал «Қазинвестбанктің» салымшылар мен кредиторлар алдындағы міндеттемелерін және 21 миллиард теңге активтерін «Альфа банк» өзіне алғаны айтылған-ды.