Русский Сайттың толық нұсқасы

5 баланың өліміне қатысты үй иесі 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2019
  • 6781

5 баланың өлімі үшін үй қожайыны жауапқа тартуылуы мүмкін. Заңгер Жандос Тұяқов арнамызға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Баспана иесі 2 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал, бұған дейін төтенше жағдай мамандары орнатылған пеш қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін айтып, бірнеше рет ескерту жасалғанын хабарлады. Соңғы рет бір аптадай бұрын ескертіп кеткен.  

Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР: 

Өрт талаптарына сәйкес келмеген деп комиссия анықтаған жағдайда, онда нақты осы оқиға бойынша бұл азаматтар времянканың иелері Қылмыстық кодексте көрсетілген 292-ші баппен, яғни, 2-ші бөліміне қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Онда 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан сол уақытқа айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары әкесінің түнгі уақытта жұмыста болған-болмағаны анықталып, жұмыс беруші де сұралатынын айтқан еді. 5 қызынан айырылған Евгений Ситер сол түні біздің арна тілшілеріне Талапкер көшесінде орналасқан Көлік жөндеу стансасында жұмыс істегенін айтты. Алайда, атау жоқ стансада абалаған иттен өзге жан иесі көрінбеді. Ал, Ішкі істер министрлігі жұмыс берушіге қатысты тергеу жұмыстары жөнінде қандай да бір ақпар беруден бас тартты.  

Н. Біләл