Русский Сайттың толық нұсқасы

Көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй бағдарламасы керек-Ж. Қасымбек

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2019
  • 4355

Көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй бағдарламасы керек. Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрі баспана мәселесін шешудің жаңа жолдарын айтты. Министр «Нұрлы жер» бағдарламасымен жалға берілетін пәтер санын тағы екі есеге арттырамыз деп отыр. Жалдамалы баспанаға бөлінетін қаржы 25 млрд-тан 35 млрд-қа көбеймек. Тұрғын үй кезегінде тұрған 400 мың отбасының 28000-ы көп балалы екен.   

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: 

Біз қосымша осындай отбасыларға пәтер салу үшін қазір қаражатты іздеп жатырмыз. Жылына 700 пәтер салынса, оны екі, үш есе көбейту керек. Бізден осындай ұсыныс болады. Екінші мәселе – «Нұрлы жер» бағдарламасына арнайы бір «разделмен» тек қана осындай отбасыларға көмек беру үшін Үкіметте жұмыстар басталды.

А. Сейфулла