Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында төрт түлікпен бірге аю да сатылады

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2019
  • 3236

Мал базарында төрт түлік қана емес, аю да сатылады. Жабайы аң Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының мал базарына шығарылған. Темір торға қамалған аңның базарда саудаланып жатқанын полицияға жергілікті тұрғын хабарлапты. Әзірге оның қанша теңгеге саудаланғаны туралы да айтылмай отыр. Қазір жабайы аң уақытша қаладағы зообаққа өткізілді. Оның әрі қарайғы тағдыры тергеуден соң белгілі болмақ. Полицейлердің мәліметінше, маймақтың иесі белгілі. Егер, хайуанның заңсыз ауланғаны белгілі болса, 7 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, не шартты түрде сотталуы да ғажап емес.  

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен бұл аю мал базарына қандай мақсатта алып келгені анықталады және қай жерден келгені анықталады. Құжаттары бар ма, жоқ па сол жағдайы да анықталады полиция қызметкерлерімен. ҚР ҚК 339 бабына сәйкес тіркеуге алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы