Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан дизель отынының экспортына шектеу қояды

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2019
  • 2627

Қазақстан дизель отынының экспортына шектеу қояды. Солярканы сыртқа шығаруды доғару арқылы тапшылық пен қымбатшылықты жоюға болады. Жұмыс жоспарын таныстырған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Қазір ішкі нарықтағы дизель отыны 91 пайызға қамтылып отыр.  

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ: 

Бағаның өсуінің негізгі себебі - көктем, күз айларында ауыл шаруашылығындағы маусымдық тұтыну, транзиттік тасымалдаудың өсуі және импортқа тәуелділік. ЕАЭО елдерінде, таяу көршілерде дизель отыны бағасының айтарлықтай жоғары болуы да әсерін қатты әсер етеді. Дизель отыны тапшылығына жол бермеу мақсатында министрлік экспортқа уақытша шектеу қоюды қарастыратын бұйрық әзірледі және ол келісім кезеңінде тұр.

Ал, биыл министрліктегі 100 шақты адам жұмыстан қысқартылмақ. Себеп - мемлекеттік қызметтердің автоматтандырылуы. 

А. Сейфулла